«Бірлік пен келісім – Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары»

16 қыркүйекте Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырған «Бірлік пен келісім – Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары» тақырыбында жалпы республикалық ғылыми – практикалық конференция өтті.
Конференцияға онлайн форматта «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А.К. Раев және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы М.З. Утегенов қатысты. Конференция Қазақстан Президентінің Жолдауында белгіленген басым бағыттар шеңберінде этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың заманауи трендтері мен тәсілдерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды
Конференция қорытындысы бойынша резолюция қабылданды, онда қатысушылар бірқатар негізгі бағыттарды белгіледі. Құжат этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілету және ағартушылық қызметті жандандыру жөніндегі ақпараттық жұмысты күшейту қажеттігін атап көрсетеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қарсаңында құжатта этносаралық қарым-қатынас құралы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, этномедиативтік тәжірибелерді кеңінен енгізу және басқа елдермен тәжірибе алмасу үшін этносаясат саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру сияқты маңызды бағыттар атап өтілді.