“Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ”
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында «Қоғамдық келісім» КММ-де «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған этномәдени және діни бірлестіктердің, саяси партиялардың басшылары мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. Барлығы 20 адам.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – сыбайлас жемқорлықтан бас тартуды қалыптастыру, тәрбиелеу, қоғамдағы парасаттылық, сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін зияны туралы хабардар ету.
Осы тақырыпты талқылау барысында қатысушылар мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін төмендететін және олардың беделіне нұқсан келтіретін, тұтастай алғанда елдің экономикалық дамуын қиындататын елдің қауіпсіздігі үшін сыбайлас жемқорлықтың елеулі қатері туралы айтты. «Сыбайлас жемқорлықты еңсеру үшін азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру қажет», – деді сөз сөйлеушілер.