«Бақытты болудың сыры»

28 шілде күні «Қоғамдық келісім» КММ Ақтөбелік психолог-консультант, коуч, саяхатшы Аналар кеңесінің төрайымы, «Белсенді өмір орталығының» директоры Ергалиева Бақыт Карагуловна өзінің «Бақытты болудың сыры» атты сырласу кешін өткізді. Кешке ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы және Аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шара барысында этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне экскурсия жасалды.

 

Бақыт Карагуловна өзінің тәжірибесімен «Бақытты болудың сыры неде?» деген сауалмен бөлісті. Бақытты болу әр адамның ұғымында әр түрлі қалыптасады. Негізінде адам баласы ұсақ нәрселерге де қуана білсе, соның өзі кішігірім бақыт болып табылады. Бақытты болу үшін ең алдымен өзіңді жақсы көріп, екіншіден айналаңдағы адамдарды да дәл солай өзіңдей жақсы көру қажет. Сол кезде сенің бағың еселеніп, ісің алға басады. Адам өзін жақсы көру арқылы өмірге деген көзқарасы оң бола бастайды.

Қатысқан Аналарымыз өздеріне мәнді, мағыналы ой түйіп, өз пікірлерімен бөлісті.