Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алған болатын
Акцияның мақсаты – көшелерді тазалау, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және көркейту, халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Бірінші апта 6-13 сәуір аралығында «Таза өлке» атауымен өтеді.
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде ҚХАА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және құрылыс-техникалық колледж студенттері осы акцияға қосылып, Достық үйінің аумағын жинау бойынша жұмыстар жүргізді. Қыс мезгілінде жиналған іргелес аумақтың қоқыстарын жинау және тазалау, бордюрлерді әктеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл акция алдағы уақытта да жалғасатын болады.