Достоевский мен Уәлихановтың достығы

А. ж. 25 қарашасы күні  «Қоғамдық келісім» КММ  қабырғасында «Ш. Уәлиханов атындағы КУ» КеАҚ  жалпы тіл білімі кафедрасының және облыстық Достық үйінің қолдауымен «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ф. М. Достоевский шығармашылығының философиялық-этикалық аспектілері»  тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Биыл ЮНЕСКО қамқорлығымен әлем әдебиетінің классигі, қазақтың көрнекті этнограф ғалымы Шоқан Уәлихановтың досы Федор Михайлович Достоевскийдің 200 жылдығы атап өтілуде. Осыған орай, Достық үйінде дөңгелек үстел басында оқытушылар, студенттер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және екі халықтың мәдениетін байытқан осы екі ұлы адамның есімдері мен олардың шығармашылық достығын құрметтейтін, бағалайтын қауым жиналды.

 

Дөңгелек үстел спикерлері – Ш. Уәлиханов атындағы университеттің филология факультетінің оқытушылары, студенттері, М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері орыс жазушы-ойшылының өмірі, шығармашылығы мен философиялық көзқарастары туралы айтып қана қоймай, өз презентациялары арқылы, жалпы қоғам немесе әлеуметтік топ туралы жазбай,  өз шығармаларында адам өмірінің мәні, жеке адам ретіндегі ерекшеліктері, оның ішкі күйзелістерін, өмірге деген көзқарастарын шебер суреттей білген  Федор Достоевскийдің дүниетанымдық ұстанымдарын, ішкі әлемін жеткізуге тырысты.

 

Барлық сөз сөйлеушілер өмірлерінің  мәні халыққа қызмет ету болған  орыс жазушысы, қоғам қайраткері Достоевский мен жас қазақ ғалымы, ағартушы Уәлиханов арасындағы достық тақырыбын әр қырынан қозғап өтті.

Жалпы, ғылыми семинар қатысушыларға алғашқы орыс жазушыларының алғашқысы болып қазақ ғалымы мен ағартушысын жоғары бағалаған Федор Достоевский туралы көбірек білуге мүмкіндік берді.

Іс-шара семинарды ұйымдастыруға белсенді қатысқандардың барлығына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстаумен аяқталды.