«Скоро Новый год!» атты жаңа концерттік бағдарлама ұсынылды
Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ-де «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» бірлестігінің Ақмола филиалының ұйымдастыруымен мюзикл жанрындағы «Скоро Новый год!» атты жаңа концерттік бағдарлама ұсынылды.
Музыкалық спектакльде әр әннің алдында театрландырылған қойылым ұсынылды және бұл жаңаша әрі қызықты болды.
Кеш бойы әуесқой әртістердің орындауында махаббат, қыс және жаңа жыл туралы әндер шырқалды. Зал таныс әуендер мен әндерді бірге шырқады.
Мереке қонақтары ретінде көрермендер алдында «Хуторок» казак ансамблі өнер көрсетті.