Меморандумға қол қою

30 маусым күні Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ және мәдениет мекемелері – «Біржан Сал» атындағы музыкалық колледжі, «Ақан Сері» атындағы жоғары мәдениет колледжі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум тараптардың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын және «Жанғыру жолы» жастар қозғалысының міндеттерін іске асыруда және дамытуда өзара ынтымақтастық және жәрдемдесу істерін көздейді.

Меморандумға қол қоюға мекемелердің бірінші басшылары қатысты.