«Аққан жұлдыз»
«ТҰЛҒАТАНУ» жобасы аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жанында Қазақстан этностарының өкілдері арасында «Аққан жұлдыз» тарихи интерактивті кеші өтті. Жобаның мақсаты – Қазақстандағы этностардың басын қосып, қазақ халқының мәдени мұрасын кеңінен насихаттау.
Іс-шараны ұйымдастырушылар «Ақмола облысының өзбек этномәдени орталығы» ҚБ, «Қоғамдық Келісім» КММ және тарихи-өлкетану мұражайы болды. Аталған іс-шараға №14 орта мектептің жанындағы лагерь оқушылары қатысты.
Тарихи-өлкетану мұражайынан басталған шара, Абылай хан мен Тәуелсіздік алаңында жалғасып, балалар қаланың көрікті жерлерімен және тарихымен танысты. Одан кейін Ш.Уәлихановтың ескерткіші жанында мұражай гиді ҚХАА мүшесі Антипова Вероника балаларға жерлесіміз, ғалым, ағартушы туралы айтып берді. ҚХАА төрағасының орынбасары, «Ақмола облысы өзбек этномәдени орталығы» бірлестігінің төрайымы Тожибуви Медетова жобаның өскелең ұрпақ арасындағы маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ іс-шараға «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ төрағасының орынбасары Ирина Панасюра да қатысты.
Шара соңында балаларға тәттілер мен сусындар ұсынылып, төсбелгілер мен буклеттер табыс етілді.