Студенттік ассамблея – Достық үйінде
Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ-де Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттер ассамблеясы мүшерінің Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері және қоғамдық құрылымдарымен кездесуі өтті.
Отырыс алдында студенттер үшін этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне экскурсия ұйымдастырылып, Ақмола ассамблеясының қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.
Жиналғандар алдында Яндиев Герихан Ибрагимович – «Вайнах» Ақмола облыстық шешен-ингуш қоғамының төрағасы, Шоназаров Умар Файзудинович -«Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы, сондай – ақ, Мұхамедрахимова Анаргүл Қайыржанқызы – Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, Өтегенов Марат Зеннатұлы – ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы және Жақсыбаева Айкумис Сағатқызы – «Ассамблея жастары» РҚБ мүшесі сөз сөйледі.
Мемлекеттің табысты болашағының кепілі жастар болып табылады, сондықтан Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатына көп көңіл бөлінеді. Сөз сөйлеушілер Ассамблеяның алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер қойылғанын, олардың бірі қазақстандық патриотизм, елде тұратын этностардың азаматтық және рухани-мәдени қоғамдастығы негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 30 жылдығын өткізу жоспары да талқыланды.