Республика күні

2024 жылдың 24 қазанында Достық үйінде Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында этномәдени бірлестіктер мен ҚХАА қоғамдық құрылымдар өкілдерімен кездесу өтті.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жетекшісі А.Алин төрағалық жасаған отырысқа ҚХАА қоғамдық құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Алмас Аянұлы Қазақстан халқының төл мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін жаңғырту мен дамытуды, ұлттық бірегейлікті нығайтуды көздеген дәл осы күн егеменді еліміздің тарихының бастау нүктесі болатынын баяндады.
Отырыста сөз алғандар еліміздегі қоғамдық келісім мен этносаралық татулық Отанымыздың алға қарыштап басуының кепілі екенін айтты.
Шара соңында Ассамблея мүшелері және белсенді азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.