Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Есіл ауданында

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының Есіл ауданына сапары барысында Ақмола ҚХА мүшелері С. Серіков атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі Сизов Романмен және Есіл ауданының жастар шығармашылық үйінің хореографы Гүлишат Поплавскаямен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы барысындағы айтылған негізгі тезистер бойынша жұмысты ұйымдастыру жөнінде, Ассамблея мен оның мүшелерінің қызметінің қорытындылары талқыланды, одан әрі жұмыстың, оның ішінде этносаралық шиеленістің, жанжалдардың алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының бағыттары белгіленді.