«Тұсау кесу» рәсімі
«Қоғамдық келісім» КММ-де «Ақмола облысының өзбек этномәдени орталығы» ҚБ төрайымы Медетова Т.У. өзбек ұлтының нұсқасындағы тұсау кесу рәсімін көрсетті.
Аталған іс-шара Ақмола облысының этномәдени бірлестіктері арасында «Ел бірлігі» этносаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған «Қазақтану» ғылыми-ағарту конкурсы шеңберінде гранттар конкурсының қорытындысы бойынша өткізілді.
Ерте кезден бастап және бүгінгі күнге дейін қазақ халқы бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Баланың дүниеге келуі үлкен қуаныш болып саналады және оның барысында әр түрлі салт-дәстүр қатар жүреді.
Тұсау кесер –қазақтың көне дәстүрлерінің бірі, ол бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Бұл рәсім кішкентай балаға арналған және оны бала тез аяққа тұруы үшін жасайды. Тұсаукесер сәби қаз тқұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Көбінсе ол сәби жасқа толғанда жасалады.
Тұсау кесерге арнайы ала жібі дайындалып, баланың қолынан ұстап жүгіртіп, шашу шашылды. Тойға кыз-келіншектер, әжелер шақырылды. Оларға орамал жауып, сыйлық таратылды. Бұдан соң «Шауып кет!», «Жүйрік бол!» деген тілектер айтылды.