Қазақ тілі курстары

а.ж. 18 қазаны күні Достық үйінде мемлекеттік тілді оқып-үйрену курстарының салтанатты ашылу салтанаты болып өтті.
Oблыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі  М.Ю. Тохаева өзінің  құттықтау сөзінде мемлекет Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын жүзеге асыруға орай,  облысымызда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру мәселесіне  көңіл бөлініп жатқандығына тоқталды.


Толығырақ

Қыз қылығымен көрікті

А.ж. 14 қазаны күні «Қыз болашағы – ел болашағы» республикалық онкүндігі аясында Көкшетау қ. қазақ қалалық кітапханасында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің қолдауымен «Қыз қылығымен көрікті» атты «дөңгелек үстелдегі» әңгіме өтті. Оған қыздар клубының жетекшілері, психологтар, көп балалы аналар, студент жастар қатысып, қыздардың рухани, өнегелі тәлім-тәрбиесі, олардың отбасылық өмірге дайындығы туралы сұхбаттасты.


Толығырақ

Шақырамыз!

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбаты


Ақпарат көзі

Қарттарды қолдаған акция

Дәстүр бойынша қарттарға қолдау көрсету айлығы аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жыл сайын облыстағы этномәдени бірлестік өкілдері қатарындағы еңбек ардагерлерін қолдау жөніндегі қайырымдылық акциясын өткізіп келеді. Осы жылы облыстық ассамблея атынан 60-тан аса зейнеткер азық-түлік пакеттерін алды.


Толығырақ

«Қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартудағы Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі»

Ақмола облысының Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері а.ж. 27 қыркүйегі күні Алматы қ. өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің «Қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартудағы Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі» атты республикалық форумының кеңейтілген отырысына қатысты.


Толығырақ

Халық әнінің шашуы

29.09.2019 жылы Көкшетау қ. «Достар» мәдениет сарайында «Күшіміз – бірлікте!» атты IV республикалық орыс және казак әнінің қайырымдылық фестивалі өтті. Фестивальді Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігі мен «Жаңа собор» қайырымдылық қоры ұйымдастырды.

Мерекенің қонақтарын епископ Ақмола және Көкшетау Серапионы және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Тохаева қошеметтеді.


Толығырақ

«Чәк-чәк бәйраме»

А.ж. 28 қыркүйегі Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігі» ҚБ астықты жинауға, жазғы жұмыстың қорытындысын шығаруға арналған «Чәк-чәк бәйраме» іс-шарасын бесінші мәрте өткізді. Бұл жай ғана дәстүр емес, ата-бабаларының мұрасына деген құрмет. Ас атасы – нан қай кезде де тоқшылықтың белгісі болды. Сол себепті басқа да ұн өнімі сияқты чак-чак дастарханның басты тамағына жатады.

Достық үйінің залында Сәндік қолданба өнері шеберлерінің одағы өз бұйымдарының көрмесін жайды. Мұнда Нұр-Сұлтан қаласынан келген «Дуслык» ансамблінің орындаушысы Рамиля Мусинаның қолынан шыққан киізден жасалған бұйымдар, ұлттық мәнердегі қызықты бас киімдер ұсынылды.


Толығырақ

Алматыда Қоғамдық келісім кеңесінің рөлі талқыланады

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы аясында 27 қыркүйек күні сағ: 11:00-де Достық үйінде «Қоғамдық келісім кеңесінің қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартудағы рөлі» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтеді.


Толығырақ

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17