«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форум

28 қараша күні Көкшетау қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумы өтті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырған форумның мақсаты – мемлекеттік тілді Қазақстандағы түрлі этностар арасындағы этносаралық қатынас тілі ретінде насихаттау.
Форумға қатысушыларды ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Анастасия Щегорцова мен Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова құттықтады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутова республиканың түкпір-түкпірінен мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдерінің қатысуымен өткен пленарлық отырыстың модераторы болды.
Сөз сөйлеген ҚХА мүшелері, ғылыми зиялы қауым өкілдері мемлекеттік тілдің маңыздылығын атап өтіп, қазақ тілін оқытудың, дамыту мен таратудың жаңа тәсілдері мен әдістемелерін қарастырды.
Іс-шара барысында мемлекеттік тілді меңгерудің үздік тәжірибесі туралы сындарлы пікір алмасу және пікірталас өтті.
Форум соңында мемлекеттік тіл жанашырларының бір тобы «Қоғамдық келісім» РММ Алғыс хатымен марапатталды.

«АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – АНА» республикалық форум

Бүгін ҚХАА Аналар кеңесіңнің төрайымы Айнұр Жахина Павлодар қаласында өткен ҚХА Аналар кеңесінің «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – АНА» республикалық форумына қатысты.
Форумға республикалық және өңірлік Аналар кеңестерінің мүшелері, ЭМБ төрағалары, облыс қалалары мен аудандары ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің басшылары және ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы қатысты.

Іс-шара Достық үйінің фойесінде ұйымдастырылған қолөнер шеберлерінің көрмесімен және «Әл-әки» ансамблінің орындауындағы музыкалық әуендерден басталып, дөңгелек үстелге жиналған қатысушылардың баяндамаларымен жалғасты. Ақтөбе облыстық Аналар кеңесінің жұмысы туралы, лудомания – себептері мен салдары туралы және т.б. тақырыптарда баяндамалар оқылды, сондай-ақ әскери бөлім басшысы А.Әйтенов «Өскелең ұрпаққа-өнегелі тәрбие» жобасын іске асыруда Павлодар облысы Аналар кеңесімен бірлескен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, «Ана үйі» ҚҚ меморандумға қол қою рәсімі және Павлодар ауданы Аналар кеңесі кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Алып тұлғаның әдеби мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

12 қараша күні Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де Мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау бөлімінің маманы Сұлухан Даулетханқызы қазақ әдебиетінің әлемінде өз орны бар жазушы, драматург Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған «Алып тұлғаның әдеби мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Бұл іс-шараға Шоқан Уалиханов атындағы колледждің оқытушылары мен студенттері, оның ішінде ҚБ-924 тобының студенті Күнтуған Ботагөз және ЭК-924 тобының студенттері қатысып, белсенділік танытты. Дөңгелек үстелді Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хамзина Сағыныш Асқарқызының жетекшілігімен ұйымдастырылды, әлбетте, оқушылар мен жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, Б. Майлиннің мұрасына терең үңілуге мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында Б.Майлиннің шығармашылығы, оның әдебиетке қосқан үлесі мен қоғамдық ой-санаға әсері жайында слайдтар мен бейнероликтер көрсетіліп, қызықты пікірлер мен талқылаулар болды. Студенттер өз ойларын ортаға салып, жазушының туындыларын жаңа көзқараспен саралауға тырысты.

«Чак-чак байрамы» облыстық фестивалі өтті.

Бүгін Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де «Ақмола облысының татарлары мен башқұрттарының бірлестігі» ҚБ және облыс аудандары мен Астана қаласынан келген ЭМБ өкілдерінің қатысуымен «Чак-чак байрамы» облыстық фестивалі өтті.
Сахнада Ақмола облысының өңірлерінен, сондай-ақ ел астанасынан келген ансамбльдер, шығармашылық ұжымдар мен әртістер өнер көрсетті. Концерттік бағдарламаға: «Ғалиябану» ансамблі, Астанадан «Дуслык» ансамблі, Астана қаласының башқұрт ЭМБ «Ақбузат», «Тұран» вокалдық тобы, «Юлдаш» ансамблі және т.б. қатысты. Жүргізушілер қонақтарды викторинамен қызықтырды, онда дұрыс жауаптар үшін көрермендер шағын сыйлықтар алды.
Жиналғандар алдында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м.а. Нұрмағанова Айгүл Бейсенбайқызы және «Ақмола облысы татарлар мен башқұрттар бірлестігінің» төрағасы Сулькарнаев Рафаил Саитович құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік тағамдарды дайындау бойынша аспаздық жарыс өтті, онда қатысушылардың әрқайсысы өз туындыларын қазылар алқасының алдында ұсынды. Бұл мерекеде басты назар чак чакқа аударылды. Чак-чак – бұл бал сиропымен араластырылған қамырдың қуырылған бөліктерінен, ұннан жасалған печенье, көптеген түркі тілдес халықтардың дәстүрлі тағамы.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар мен дипломдар алды, сондай-ақ барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген кеңесі

7-8 қараша күндері Астана қаласында Қазақстан халқы ассамблеясы шаңырағында Республикалық Аналар кеңесінің 10 жылдығына арналған кеңейтілген кеңес өтті.
Бірінші күніРеспубликалық аналар кеңесі төрайымы Назипа Ыдырысқызы Шанаи модераторлық еткен кеңесте қоғамдағы аналар рөліне байланысты, нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, ысырапшылдық сияқты қоғамдағы әлеуметтік кеселдер және олармен күресу мәселелері ортаға салынды.
Екінші күні Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың қатысуымен отырыста өңірлерден келген аналар жергілікті жерде атқарып жұмыстары жайлы айтып, өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.
Біздің өңірден осы шараға ҚХА Ақмола облысы Аналар кеңесі Айнұр Жахина және «Қоғамдық келісім» мекемесінің жауапты маманы Райхан Идрисова қатысты.
Top