КҮШІМІЗБІРЛІКТЕ
Табиғаттың тосын мінез көрсетуі нәтижесінде қар тез еріп, Ақмола облысында кейбір елді мекендерде, оның ішінде Көкшетау қаласы да бар, су тасқыны орын алды. Тұрғын үйлер суға кетіп, мал мен жанға қауіп төндірді.
Осы орайда, қиын жағдайға душар болған жерлестерімізге қолдау білдіруші қайырымды азаматтар үшін Ақмола ассамблеясының Достық үйінде қабылдау пункті ашылды. Игі істен шет қалмай, қолдау көрсету пунктіне жылы киім, төсек орын заттарын әкеліп жатқандар қарасы бүгінде азаяр емес.Отбасыларымен, еңбек ұжымы болып көмек қолын созып жатыр. Мысалы, қала тұрғыны Ермек Мажитов кішкене баласын ертіп жылы киімдер әкелсе, «Көкшетау» Мәдениет сарайы ұжымы өз қаражаттарына көп молшерде жаңа төсек орын бұйымдарын әкелді.