Халықаралық қарттар күні

Жыл сайын бүкіл әлемде 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мереке 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 45 сессиясында жарияланды.
Оны өткізудің басты мақсаты – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы сіңген еңбегін бағалап құрметтеу, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігіне назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.
Осы айтулы мереке қарсаңында Ақмола ҚХА «Чинсон» корей этномәдени орталығы қарттарға дастархан жайып, концерт ұйымдастырып көңілдерін көтеріп басын қосты.