Мемлекеттік тіл курстары
Достық Үйінде Қазақстанның өзге этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді оқыту курстары ашылды.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған міндеттер аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және оның ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін нығайту мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде.
Осыған байланысты жағдаяттық қазақ тілін оқыту курстарының ашылуы, оны әр түрлі этностар өкілдерінің тез меңгеруіне және күнделікті пайдалануына ықпал етеді.
Курстарға 40-тан астам адам қатысады. Сабақтар аптасына екі рет тәжірибелі оқытушының басшылығымен мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдістемесін қолдану арқылы өтеді.