Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Шортанды ауданына іс-сапармен шықты

Бүгін, этносаралық және конфессияаралық келісімді насихаттау шеңберінде ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Шортанды ауданына іс-сапармен шықты.
Ақмола облысы ІІБ этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Г. Сабирова және «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы Е. Закирьянов «Алтыналмас АК» АҚ ұжымымен кездескен.
Сонымен қатар, іс-шараға Шортанды ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қалиақпарова және аудандық АТТ мүшесі И. Казакова қатысты.
Кездесу барысында АТТ мүшелері этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы түсініктеме беріп, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру және патриотизмді арттыру тақырыптары қозғалды.