«Ұлт құндылығы – ұрпақ болашағы» тақырыбындағы кездесу
3 мамыр Достық үйінде Отбасы күні аясында Ақмола облыстық КХА Аналар кеңесі және «Асыл Аналар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлт құндылығы – ұрпақ болашағы» деген тақырыпта көпбалалы аналармен және Аналар кеңесі, Көкшетау қаласы мектептерінің қыздар клубы жетекшілері және мүшелерімен кездесу болды.
Кездесудің мақсаты: Тәрбие бесіктен бастау алатынын, яғни, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен әдеп-ғұрыпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Астана қаласынан кездесуге арнайы шақырылған «Қара шаңырақ» РҚБ директоры,Ұлттық тәрбие беру мектебінің жетекшісі, тарихшы, журналист, қоғам қайраткері Шәкен Тұрар Сәттарқызы және Астана қаласы Аналар кеңесінің төрайымы Алтынай Тәңірбергенова іс-шараға қатысып, сөз сөйледі. Кездесуге қатысқан Аналар кеңесінің және Асыл Аналар көпбалалы аналар қауымдастығының мүшелері тақырыпқа байланысты өздерінің ойларын ортаға салып, пікірлерімен алмасты.
Отырысты Ақмола облысының КХА Аналар кеңесінің төрайымы А.Жазиева жүргізіп отырды.