Облыстық Ардагерлер кеңесінің жиналысы өтті

18 қыркүйек күні Достық үйінде Облыстық Ардагерлер кеңесінің жиналысы өтті. Ақмола облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ақмола облысының ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Ермек Бекенұлының Нұғыман облыс әкімінде болған кездесу туралы сөз айтты.
«Белсенді ұзақ өмір» ұлттық жоба аясында зейнеткерлердің проблемаларын шешу, оларға әлеуметтік жағдайын жағсарту туралы, зейнеткерлердің және ардагерлердің заң аясындағы мәселелері қаралды. Аудандық деңгейдегі құрылымдарын жұмысын жақсартуға бағытталған Жастар практикасы шеңберінде әр ауданға көмек ретінде қызметкерлермен қамтамасыз ету мәселесі айтылды. Осы бастамаларға Әкім толығымен қолдау көрсететінін сендірді.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік көшпенділер ойында Ақмола облысынан делегаттар ретінде қатысқан Ермек Бекенұлы Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен Дүниежүзілік көшпенділер ойыны турылы да өз пікірмен бөлісті.