АТТ Аршалы ауданының тұрғындарымен кездесуі

Ағымдағы жылдың 9 қазанында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарын орындау мақсатында Аршалы ауданында облыстық ассамблеяның АТТ мүшелерінің осы елді мекендердің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамына облыстық Достық үйінің, облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері кірді.

Кездесу барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ермек Нұғыманов тыңдаушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі қызметі, этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілді дамыту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, сондай-ақ ҚХА Қоғамдық жобаларын іске асыру жөніндегі ресурстық орталық және жобалық кеңсе ретінде облыстық Достық Үйінің жұмысы туралы айтып берді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Меруерт Каиргельдина ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін жеткізді.

Сонымен бірге, «Қазақтану» жобаның аясында «Достық дәмі» фестивалі өтті.