Достық үйіндегі кездесу
15 Мамыр Достық үйінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығы» мамандары аймақ жұртшылығымен кездесу өткізді.
Өңірдің дін саласындағы мәселелерін зерделеу және жергілікті жауапты құрылымдарға діни ахуалды талдау жұмыстарын ортаға салып, талқылауға жергілікті атқару органдарының қызметкерлерімен қатар Ақмола облысы ҚХА қоғамдық құрылымдар өкілдері қатысып, пікір алмасты.