«Еңбек пен бірлігі жарасқан өңір» жобасы
Ақмола облысында және қалаларымен аудандарында еңбек ұжымдарының арасында ҚХАА «Еңбек пен бірлігі жарасқан өңір» жобасының аясында «Қоғамдық келісім» КММ Бұланды ауданының ауруханасында жұмыс істейтін мамандармен кездесті.
Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі.
Еңбек күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында бекітілді.
Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау және Президенттің Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясы шеңберінде жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады.