Қазақ халқының «Көрісу» салты

14 наурыз – қазақ халқы үшін ерекше күн. Бұл күні олар көктемгі жаңарудың, махаббат салтанатының, құнарлылық пен достықтың, үлкендерге деген құрметтің, жақындарына деген қамқорлықтың символы болып табылатын өздерінің ежелгі салты – Көрісу күнін атап өтеді.  Қазақ тілінен сөзбе-сөз аударғанда Көрісу «дидарласу» немесе «кездесу» дегенді білдіреді. Бұл күні адамдар әдеттегідей бір-біріне қонаққа барып,  көктемнің қайта келуімен құттықтайды.

Ең алдымен, жасы үлкен туыстарының үйлеріне барып, оларға құрмет пен ізет көрсетеді. Кішілер үлкендермен сәлемдесіп, бата сұрайды. Бұл күні реніштер кешіріліп, жанжалдар ұмытылады. Қол ұстасып сәлемдесу мерекенің міндетті атрибуты саналады. Адамдар бір-бірімен ерекше сезіммен қол алысып амандасып, жақсылық тілейді.

«Көрісу» мерекесіне орай «Қоғамдық келісім» КММ қазақтың ежелгі дәстүрі көрсетілген театрландырылған қойылым ұйымдастырды.