Көкшетау – менің туған өлкем!

Көкшетауда әдемі де көрікті жерлер көп. Сондай орынның бірі – «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғимараты (Достық үйі). Қопа көлінің жағасында орналасқан қызықты сәулет ансамблі бұрыннан қала қонақтары мен тұрғындарын өзіне тартады. Ал бірлескен өмірге қадам басқан жас жұбайлар үшін мерекелік іс-шараның ажырамас нышаны.

«Көкшетау – менің туған өлкем» жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы қаламыздың жас жұбайларына Достық үйі бойынша экскурсия ұсынады. Жас жұптар және оның қонақтары облыстық ассамблеяның, этномәдени бірлестіктердің қызметімен танысып, Қазақстанның түрлі этностарының салт-дәстүрлері туралы біліп жатады.

 

Экскурсия соңында жас жұбайларға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясынан тілектер айтылып, естелік кәдесый беріледі.