«Көкшетау – менің туған өлкем»
Көкшетау қаласының 195-жылдығына орай Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы «Көкшетау – менің туған өлкем» жобасын іске асырады. Оның аясында балалар мен жастар үшін Көкшетау қаласы бойынша экскурсиялар көзделген.
Іс-шараның негізгі мақсаты – туған өлкеге деген отансүйгіштік пен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті атап өткендей, «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады».
А.ж. 4 шілдесінде Достық үйінің хореография ұжымдарының және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері үшін Көкшетау қаласы бойынша алғашқы таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Экскурсия Достық үйіне барудан басталып, онда экскурсия қатысушыларына біздің өңірде тұрып жатқан барлық этностың салт-дәстүрлерімен, мәдениеті мен халық шығармашылығымен жақын танысуға мүмкіндік берілді. Экскурсия қатысушылары Көкшетау қаласының тарихымен, сәулет ескерткіштері және көрнекі жерлермен таныс болды.
Ары қарай олар есімі белгілі Абылай хан ескерткішіне, содан кейін Ұлы Отан соғысының мемориалына және Абай көшесіндегі ту тұғырға барды.
Экскурсия Бұқпа баурайында аяқталды. Осы жерден Қопа көлін жағалай алып жатқан туған қаланың ұмытылмас көркін тамашалауға болады. Мұндағы көріністе Науан Хазірет атындағы ақ мешіт, Достық үйі ғимараты және салынып жатқан христиан шіркеуі бар. Осының бәрі – жыл өткен сайын өсіп, көркейіп келе жатқан біздің туған қаламыз.
Ақмола ассамблеясы Көкшетау қаласы бойынша экскурсияларға қатысу үшін балаларды (9-18 жас аралығындағы) шақырады.
72-28-59 телефоны бойынша хабарласыңыздар.