Көкшетау бойынша экскурсиялар жалғасып жатыр
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы «Көкшетау – менің туған өлкем» атты жобаны іске асыруды жалғастыруда. Осы жоба аясында а.ж. 29 шілдесі күні «Әулет» мектептен тыс жұмыстар орталығы жанындағы киіз үй лагерінен келген балалар үшін сүйікті қаламыздың ескерткіш орындары бойынша экскурсия өтті.
Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар Көкшетау қаласының көрнекті жерлерін көріп қана қоймай, оның тарихынан жаңа ақпарат білу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ балалар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметімен танысып, Достық үйін аралап, этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін қызығушылықпен қарады.