«Жүректен жүрекке» акциясы бастау алды

2024 жылғы 3 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Жүректен жүрекке» акциясы бастау алды.
Осы акция аясында Ақмола облысына 12 сәуірде су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек ретінде Алматы қаласынан «ATASU Қайырымдылық Қоры» жеке қорым жіберген жалпы салмағы 11 тонна құрайтын 5,0 млн.теңге сомасына жіберілген азық-түлік, төсек-орын, гигиена құралдары және тұрмыстық заттар келді.
Осы жүктен бүгін Жақсы ауданына 1,0 млн. теңге сомасына 2,2 тонна жөнелтілді. Жүктің қалған бөлігі Атбасар, Астрахан, Есіл және Жарқайың аудандарына жөнелтіледі.