«Жалған жаңалықтар туралы не білеміз»
Осындай тақырыппен 17 қазан күні Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде студенттермен кездесу өтті.
Отырыс барысында Ақмола облысы ішкі саясат жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі бөлім басшысы Қайырбай Сейтмағамбет аталған тақырып бойынша ақпарат ұсынды. «Жалған жаңалықтар» термині XIX ғасырда пайда болды, бірақ интернет пен әлеуметтік медиа жалған жаңалықтарды жасау және тарату тәсілдерін өзгертті. Бүгінгі күнде жалған (фейк) жаңалықтарды таратудағы қолданыстағы кликбейт, жаңылыстыратын, жалған мазмұнды тақырыптар, насихаттау және т.б. тәсілдері туралы түсініктер тыңдаушыларға жеткізілді.
Сондай-ақ,әлеуметтік желілерде сепаратистік көріністердің алдын алу жайлы және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екені туралы айтылды.