«Алуантүрліміз, бірақ бірдейміз» және «Қазақстанның біртұтас халқы» мотивациялық кездесу
Бүгін Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де «Алуантүрліміз, бірақ бірдейміз» және «Қазақстанның біртұтас халқы» қағидаттарын ілгерілету шеңберіндегі іргелі құндылықтар негізінде балаларды тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың тарихи және мәдени дүниетанымын қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдау жөніндегі мотивациялық кездесуді «Ассамблея жастары» РҚБ Ақмола облысының өкілділігінің төрағасы Давранов Махмуджан Ильхамжанұлы және орынбасары Крючек Яна Александровна ұйымдастырды.
Кездесу Көкшетау жоғары оқу орнының студенттерімен өткізілді. Крючек Яна өзінің осы жолға қалай келгенін және түрлі форумдарға барғанын атап өтті.
Давранов Махмуджан «Ассамблея жастары» 2025 жылға жоспармен таныстыра отырып, болашақта бірігіп жұмыс жасау жайлы пікірін қалдырды.