Вардавар – су және жаз мерекесі
Әр халықтың өз салты мен мейрамы бар. Олар көп ұлтты мемлекетімізде де жетерлік. А.ж. 28 шілдесі күні «Бари» армян этномәдени орталығы» ҚБ барша жұртты армяндардың ең сүйікті Вардавар мерекесіне шақырды.
Вардавар ыстық жазда өткізіледі. Оның басты дәстүрі – су шашу. Таңертеңнен бастап барлық жастағы адамдар су сайысына белсене араласады. Мұның бәрі көңілді өтіп, жақсы көңіл-күймен, ән және бимен жалғасады. Осы күні су емдік күшке ие болып, теріс әсерден арылтып, табыс пен игілік әкеледі деп есептеледі екен.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының өкілдері іс-шараға белсене қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Е.И. Мащинская мен «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.А. Артеменко бұл мейрам Русь жерінде шоқындыру күнімен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Армян этномәдени орталығының жетекшісі Н.А. Магламян өз құттықтауын «Күшіміз достықта» деген сөздермен қорытындылады.
Оның сөзіне Вардавар мейрамы толық дәлел болды. Көңіл көтеруде шек болған жоқ. Әр жастағы түрлі этнос адамдары рахаттана қуанысып, бір-біріне су шашып жүрді.
Содан кейін барлық қонақ мерекеге орай жайылған дастархан басына жиналды. Әндер, құттықтаулар, әзілдер айтылды. Су мерекесі өте жақсы өтті.