Тұңғыш Президентінің тарихи бастамалары
Ағымдағы жылдың 17 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тарихи бастамалары тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушы – «Қоғамдық келісім» КММ. Дөңгелек үстелге қоғамдық, этно-бағдарланған бірлестіктердің, аудандық және қалалық ішкі саясат басқармаларының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Барлығы 36 адам.
Іс-шара онлайн режимінде өтті. Мемлекет басшысы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекеттік құрылыс, ішкі және сыртқы саясат және елдің қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты маңызды тарихи бастамалар көтерді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жер бетіндегі бейбітшілікті, елдегі бірлік пен ұлтаралық келісімді нығайту, еуразиялық интеграция шеңберінде мемлекетті дамыту, экономика және Экспо-2017 ұлттық жобасын іске асыру арқылы елдің саяси имиджін нығайту үшін маңызды болған Тұңғыш Президенттің негізгі бастамаларына тоқталды.
Осы мәселелер бойынша спикерлер Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері – А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі А.К.Капышев, облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы филиалының төрағасы Г.В.Осиненко, Евразиялық саясат институтының жетекшісі М.Б. Крамаренко және Қазақстан инновациясы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абишева М. С.
Жарыс сөзде сөз сөйлеген АНК мүшесі, «Вайнах» шешен-ингуш орталығының төрағасы Яндиев Г.И., «Қоғамдық келісім» КММ ақпарат бөлімінің бастығы С.С.Сәдуакасов және басқалары спикерлерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің елді жаңғырту, конституциялық реформаны жүзеге асырудағы бастамалары туралы айтып толықтырды.