Ән – халықтың жаны
А. ж. 28 қарашасында «Қоғамдық келісім» КММ қабырғасында «Ән – халықтың жаны» атты орыс, славян және казак әндерінің дәстүрлі республикалық фестивалі өтті. Ұйымдастырушы «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Ақмола облыстық филиалы.
Фестивальге «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» облыстық филиалының және Теміртау, Шымкент, Щучинск және Көкшетау қалаларынан келген «Дала өлкесі казактарының одағы» РҚБ казак қоғамдық ұйымдарының шығармашылық ұжымдары қатысты. Барлығы 50 адам. Қатысушыларды ОСКҰҚ облыстық филиалының төрағасы Осиненко Геннадий Вениаминович және «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Раисов Айдын Мақсұтұлы қарсы алып, құттықтау сөз сөйледі.
Байқау ережесіне сәйкес қазылар алқасы қатысушылардың өнерін келесі номинациялар бойынша бағалады: мемлекеттік тілдегі ән, ансамбльдер, дуэттер мен солистердің өнері. Қатысушылардың орындауында қазақ, орыс, украин және татар тілдерінде әндер шырқалды.
Орыс композиторы Брусиловскийдің музыкасына жазылған «Шолпан» ескі қазақ әнін Щучинск қаласынан келген Марина Кузнецова мен Нина Максимец орындаса, «Дала өлкесі казактарының одағы» РҚБ Теміртау филиалының вокал тобының солисті Светлана Березина «Өмірге ғашықпын» әнін шабытпен шырқады, көрермендер Көкшетау қаласының тұрғындары Татьяна Кулыгина мен Нина Иванованың орындауындағы «Сыған серенадасы» және «Арыс жағасында» қазақ халық әндерін де ыстық ықыласпен қарсы алды.
Өнер ұжымдары – ансамбльдер, вокалдық топтар өздерін белсенді түрде көрсете білді, олардың қатысушылары барлық номинацияларда өнер көрсетіп, ән орындаудың жоғары деңгейімен тыңдаушы құлақты тамсандырды.
Осы жолғы фестиваль туралы пандемияға қарамастан, оған ең жарқын шығармашылық ұжымдар, жан-тәнімен ән айтуды ұнататын солистер қатысты деп айтуға болады. Қазылар алқасы жиналысқа кеткен кезде, қатысушылардың барлығы дерлік сахнаға шығып, көрермендер үшін орыс, украин, казак әндерін шырқады, көрермендер де әртістерге қосыла қоңыр үнге басты.
Фестиваль көптеген жаңа есімдерді ашты, олардың ішінде Щучинск қаласынан келген «Балагуры» жас ұжымы көрермендерді акапельдік орындаудағы көп дауысымен таң қалдырса, жоғары кәсіби деңгейде халық орыс және татар әндерін орындаған Теміртаудан келген әйелдер вокалдық тобы да көрермен көңілінен шықты.
Фестиваль әртүрлі этнос және жас шамасындағы адамдардың өзара достасып, көрермендерді көркемөнерпаздар әртістерінің жарқын өнерімен баурап алған үлкен ән мерекесіне айналды. Жеңімпаздар мен қатысушылар «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Ақмола филиалының дипломдары және сыйлықтармен марапатталды. Фестиваль лауреаттарына ұйымдастырушылар бес бұрышты жұлдыз түрінде жасалған арнайы сыйлықтарды табыс етті.