Конституция – қоғам мен мемлекеттің дамуының негізі
29 тамыз куні «Қоғамдық келісім» КММ-де Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Оның жұмысына облыстық ассамблеяның ЭМБ, қоғамдық құрылымдарының басшылары, ҚР ТЖМ Азаматтық Қорғау академиясының курсанттары, Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Кенжебаев Конституция жоғары заңдық күш бола отырып, қажетті құқықтық негіз құрғанын, соның арқасында республикада қазіргі заманғы нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істейтін моделі құрылғанын, саяси тұрақтылық пен этносаралық келісімді қамтамасыз етілгенін, ал қоғамда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау жүйесі құрылғаны Қазақстан ұлтының бірлігінің идеологиялық құндылығы екенін атады.
Сөз алғандар: Құралай Жұмабекова, облыстық мәслихат депутаты, Аналар үйінің үйлестірушісі, Марат Қойшин, «Қазақ тілі және мәдениеті» ҚБ төрағасы, Маржан Мырзаханова, ҚХАА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы, Ирина Панасюра, «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ төрағасының орынбасары, Айғаным Асқарова, «Ассамблея жастары» РҚБ облыстық филиалының басшысы, Әділет Серік, Көкшетау қаласының өрт сөндіру бөлімінің қызметкері және т. б. Конституция еліміздің Негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының ерік-жігерін көрсетеді деген басты тезисін айтты.
Іс-шара облыстық Ассамблеяның белсенді мүшелеріне ҚХАА Хатшылығының алғыс хаттарын табыстаумен аяқталды.