«Достық дәмі» фестивалі Шортанды ауданында
Мамыр айында бастау алған Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындығы «Қоғамдық келісім» КММ-нің «Қазақтану» жобасы аясындағы «Достық дәмі» фестивалі бүгін Шортанды ауданында өтті.
«Достық дәмі» фестивалінің мақсаты – жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру, қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының деңгейін, туған елге деген сүйіспеншілік пен қазақ тіліне деген құрметті арттыру.
Аудандағы белорус этносының өкілдері қазақ халқының және өздерінің салт-дәстүрлерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды.
Облыс орталығынан келген қонақтарды дәстүрлі шашумен қарсы алды.
Этномәдени бірлестіктің мүшелері жергілікті өнерпаздармен бірлесіп «Беташар» дәстүрлі қазақ салтын көрсетті.
Фестиваль барысында қазақ және белорус халыкының ұлттық тағамдары көрмесі, тоғызқұмалақ және белорустың «Пуговка» ойындарынан көрініс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысы Ермек Нұғыманов фестивальге қатысушыларға ризашылығын білдіре отырып, Ассамблея жұмысына белсенді қатысып жүрген аудан азаматтарын мекемінің Алғыс хатымен марапаттады.
Аудан тұрғындарын, әсіресе жастарды, қазақ тілін үйренуге ұмтылыстарын арттыруға шақырды.
Мәресіне жеткен фестиваль қазан айының соңында қорытындаланып, іс-шараның мәні мен мақсатын толық аша білген жеңімпаз аудандар марапатталады.
Облысымыздың 10 ауданын қамтыған осындай ауқымды фестиваль алғаш рет және тек біздің облыста ұйымдастырылып, өткізілгенін айту керек.