Кәсіпкерлікке қолдау көрсету

ҚР Президенті Қ. К. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекеттік басқарудың жаңа моделін белгілеп, мемлекеттік қызметті қайта жаңғыртуды, мемлекеттік аппараттың жұмысын оңтайландыру, оны жоғары кәсіби, халық мәселелерін жедел шешуге, бизнесті қолдау мен дамытуға бағытталған ету қажеттігін атап өтті.

Бизнес саласының  өкілі ретінде оның кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау білдіруі маған қатты ұнады. Ол Үкіметке шағын және орта бизнес қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуді, мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке араласуын қатаң шектеуді, оны «мемлекетке қарсы ауыр қылмыс» деп қарауды тапсырды. Бұл тұрғыда Президентке тікелей бағынатын бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы өндірісінің, халыққа қызмет көрсетудің локомотиві болып табылатын қазақстандық бизнестің дамуына жаңа серпін береді деп үміттенемін.

Жолдау әлеуметтік бағдарланған және денсаулық сақтауды, білім беруді, яғни денсаулықты нығайтуға,адами капиталды дамытуға бағытталған салаларды одан әрі дамытуды көздейді. Келесі жылдан бастап мемлекет оларға айтарлықтай қолдау көрсетеді.

Жалпы, Мемлекет басшысының жолдауы мемлекеттік органдарды өз жұмысын қайта қалыптастыруға, оны халыққа қолжетімді және түсінікті етуге бағыттайды.

Осиненко Геннадий

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Зеленстрой» ЖШС директоры, облыстық  маслихат депутаты