Бүгін Республика күні мерекесі аясында Көкшетауда Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімі ұйымдастырылды.
Осы шараға облыс жұртшылығымен бірге Ақмола ассамблеясы мүшелері қатысты.
Салтанат барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов ҚХАА «Чинсон» корей этномәдени орталығының төрайымы Лян Ольга Мироновнаға Қазақстан халқы ассамблеясының «Жомарт жан» медалін тапсырды.