«Үйде сөйле» жобасы жалғасын табуда
Ақмола облысы ішкі саясат жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-і Көкшетау қаласы тұрғындары арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында 25 маусым күні Васильковский шағын ауданы 35 тұрғын үй кешені ауласында «Үйде сөйле» жоба аясында викторина ұйымдастырды.
Жоба аясында тұрғындар және балалар арасында қазақ ұлтық музыкалық аспаптар, киіз үйдың жабдықтары, қазақша сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылды. Қатысушылар мен жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды. Әнші-бишілер өнерлерін ортаға салып, танымды іс-шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.