Мектеп медиациясына арналған курстар

26 қазан күні Достық үйінде Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен мектеп психологтары, мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарларына, мемлекеттік қызметшілерге және мәслихат депутаттарына арналған «Мектеп медиациясының базалық негіздері» бағдарламасы бойынша 2 күндік курс басталды.
Оқытудың мақсатты нәтижесі келесі құзыреттерді дамыту болып табылады:
– медиация саласындағы практикалық қызмет құзыреттерін қалыптастыру;
– этномедиация саласына тұтас көзқарасты қалыптастыру, конфликтте өзара әрекеттесудің тиімді технологияларымен, күрделі жағдайларды конструктивті шешу әдістерімен таныстыру;
– қақтығыстарды, дағдарыстық жағдайларды шешу, ішкі саясатты жоспарлауға, жанжалдардың алдын алуға және шешуге бағытталған оңтайлы басқару шешімдерін іздеу саласындағы құзыреттерді қалыптастыру;
– қазіргі этникалық психологияның негізгі концепцияларының жүйесін және этносферадағы практикалық мәселелерді шешудің әдіснамалық тәсілдерін қалыптастыру;
– этникалық бірегейлікті актуализациялаудың заңдылықтары мен механизмдері, этносаралық өзара әрекеттестіктің әлеуметтік-мәдени сипаттамалары туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру.