«Салаутты сана» жобасы мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы
Бүгін ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Айнұр Жахина ҚХА «Салаутты сана» жобасы мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде студенттермен нашақорлық, құмар ойындар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық қоғамынан бас тарту бойынша Көкшетау Университетінің тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуге «Салауатты сана» жобасының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, «Тарих, география және ӘГП» кафедрасының оқытушысы Ғалымтай Төлепбергенов, Ақмола облысы дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ, ақпараттық насихат бөлімінің басшысы Нұржан Мұратов, теолог маман Бахтияр Смадьяров қатысты.
Кездесу барысында студенттерге қоғамдағы әдеуметтік келеңсіздіктерге: нашақорлық, құмар ойындар, отбасы мен қоғамдағы зорлық-зомбылық, вандализм, ысырапшылдыққа қарсы тұруға, этникалық, діни, әлеуметтік қатыстылығына қарамастан оларды деструктивті мінез-құлық үлгілерінен және аталған әлеуметтік кеселдердің алдын-алу, қоғамға бұл әрекеттердің себеп-салдары мен келтіретін зиянын түсіндіру, бұл қоғамдық дерттерге қарсы тұрудың жолдарын көрсету, оған қарсы тұру жолдары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, дәрістер оқылды.