«Руна жазулары»

Бүгін Достық үйі алаңында «Руна жазулары» атты түркі жазбалары күндеріне арналған фестиваль өтті.
Түбі бір түрік халықтарының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, өркениеті мен мәдениетіне арналған шараға Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысып, көрме ұйымдастырды. Фестиваль барысында әр этнос өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин фестивальге қатысушыларды құттықтап, жиналған қауымға тамыры терең, тарихы ортақ халықтың бір шаңырақ астында берекелі өмір сүріп жатқанын атап, іс-шараға белсенді қатысқан этномәдени орталықтарды облыс әкімдігінің Алғыс хаттарымен марапаттады.
Бүгінгі іс-шара халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрлерін құрметтеуге, қоғамдағы бірлікті, өзара түсіністікті, келісім мен ынтымақтастықты нығайтуға негізделген Отанға деген сүйіспеншілік мұраттарын ілгерілетуге қызмет ететіні сөзсіз.