«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл – сұлама» тарихының 300 жылдығына арналған дөңгелек үстел
2023 жылдың 19 қазанында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде,тарихтың 1723-25 жылдардағы жоңғар шапқыншылығы кезеңінің 300 жылдығына арналған «Ақтабан шұбырынды, Алакөл – сұлама» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Раев А.Қ., Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Өтегенов М.З., университет студенттері қатысты.
Іс-шара қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайтуға, жастардың патриоттық тәрбиесін дамытуға және қазақ халқының тарихын құрметпен қарауға бағытталған. Сонымен қатар, этносаралық салада өшпенділік, кемсітушілік, шиеленіс пен жанжалдың алдын алу бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 174 және 180 баптарында көзделген жауапкершілікке қатысты тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.