Достық үйінде азаматтарды қабылдау
Осы жылдың 4 тамызы Ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де «Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңсесінің Ашық есік күні» республикалық акциясы аясында азаматтарды Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Тәженова Д.Қ. және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Мырзаханова М.Н. қабылдады.
Әртүрлі жастағы және әртүрлі мамандықтағы адамдар заңгерлік кеңес алу үшін мамандарға жүгінді.
Маржан Нұркенқызы медиацияның тиімді жақтарына кеңінен тоқталып, медиацияның соттан айырмашылығы, медиацияның тез, екі жаққа да тиімді, ең бастысы жанжалды құпия түрде шешіп, тараптарды татуластыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Азаматтар Динара Қанатқызына ана мен бала құқығын қорғау, сонымен қатар халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жұмысы мен мемлекеттік қызметке қатысты мәселелер бойынша жүгінді.
Сол күні азаматтарды онлайн режимінде Көкшетау қалалық сотының судьясы Оспанова Б.А. қабылдады.