«Шаңырақ» тілдерді оқыту клубының қызметі туралы ақпарат

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ базасындағы

«Шаңырақ» тілдерді оқыту клубының қызметі туралы ақпарат

«Шаңырақ» тілдерді оқыту клубы «Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ-мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы С. А. Дьяченконың 26.04.2010 ж. тапсырмасы бойынша Көкшетау қаласы білім бөлімінің 16.07.2010 ж. № 332 бұйрығы негізінде «Әулет» МТЖО МКҚК білім беру кәсіпорнының филиалы ретінде 2010 жылдың 12 қыркүйегінде ашылды.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап клуб өз жұмысын Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында жүргізеді.

Клубтың мақсаты – Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу арқылы этномәдени ортада көпмәдениетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау.

Клубтың негізгі міндеттері:

– Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен бірлікті сақтау;

– мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолданылу аясын кеңейту;

– ана тілі мен этникалық мәдениетті сақтау және дамыту;

– Қазақстан халқының достығы мен бірлігін нығайту;

– Қазақстан халқының мәдени байлығына ұқыпты және құрметпен қарауға тәрбиелеу;

– жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;

– білім алушылардың коммуникативтік және этномәдени құзыреттілігін дамыту.

Қызмет бағыттары:

 –  тілдік;

 –  этномәдени;

 –  ұйымдастырушылық-бұқаралық.

Клубта оқыту 8 тілде жүргізіледі: қазақ, орыс, татар, неміс, поляк, армян, чуваш және кәріс.

2020-2021 оқу жылында оқыту 9 тілде жүргізілді: қазақ, орыс, неміс, поляк, армян, чуваш және кәріс.

Ата-аналардың өтініштері бойынша мектепке 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қабылданады, 8 тілді үйрену бойынша 16 топ құрылады.

Тілдерді оқыту екі топта (бастауыш және жалғастырушы) тегін жүргізіледі, оқушылар ана тілі мен елтану пәндерін оқиды. Елтану сабақтарында педагогтар балаларды Қазақстан халқы этностарының тарихымен, өнерімен, әдебиетімен, мәдени салт-дәстүрлерімен таныстырады.

Білім беру мақсаттарынан басқа мектеп педагогтары Қазақстанда тұратын барлық этностардың бірлігін нығайтуға бағытталған тәрбие жұмыстарымен айналысады. Бұл ашық сабақтар, сынып сағаттары, әңгімелесулер, мерекелік іс-шаралар, оларға «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубының оқушылары ғана емес, олардың ата-аналары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері де қатысады.

Оқытушылар құрамы сапалық жағынан: жергілікті ұлттың 3 өкілі, поляк, чуваш, татар, армян, кәріс ұлттарының 1 өкілінен.

Оқытушылар:

Игибаева Айнагүл  Қалымтайқызы  – әдіскер, неміс тілінің оқытушысы;

Бекетаева Мақпал Рахметоллақызы  – қазақ тілінің оқытушысы;

Крупельницкая Наталья Георгиевна – поляк тілінің оқытушысы;

Дегоян Рузанна Вазгеновна – армян тілінің оқытушысы;

Тарасова Елена Михайловна –  чуваш тілінің оқытушысы;

Абылхаева Жанна Ибрагимқызы – орыс тілінің оқытушысы;

Лим Людмила Константиновна – кәріс тілінің оқытушысы;

Клуб өз қызметінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясымен, Ақмола облысының ІСБ жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, төмендегі қоғамдық және этномәдени бірлестіктермен тығыз қарым-қатынас жасайды:

 – «Қазақ  тілі мен мәдениеті»;

– «Ақмола облысының орыс қауымы»;

 – «Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар бірлестігі»;

 –  «Чинсон» кәріс этномәдени орталығы»;

 – «Ақмола облысы поляктарының бірлестігі»;

 – «Ақмола облыстық «Видергебурт» немістер қауымы»;

– «Бари» армян мәдени орталығы»;

 -«Чуваш этномәдени орталығы»;

– «Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қауымы».