«Таза Қазақстан»

Былтыр Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының бастамасымен Достық үйі жанында жас көшеттер отырғызылып «Халық достығы» сквері ашылған. Осы игі шараға облысымыздың этномәдени бірлестіктерінің мүшелері белсене қатысқан болатын.
Бүгіндері жас желектер тамыр жайып, жайқалып, айналамызға көрік бере бастады. Әрине, ағаш отырғызу бір реттік акция болмай, оны жыл бойы күтіп, баптаудың нәтижесі екені даусыз. Скверды аббатандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Биыл елімізде маңызы зор «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатқаны баршамызға аян. Бұл бүгін бастап, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес, жұмыс тұрақты түрде жүргізілетіні сөзсіз.
Аталған акция бізді туған елімізге қамқорлық жасауда біріктіреді. Біз жасыл, таза ел үшін бірге ортақ іс атқарып гүлденген туған жерді сақтауға болашақ ұрпақ алдындағы борыштымыз.
Top