Жұртшылықпен кездесу
Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Ғ. Т. Төлеғұл 73 жасқа толды.
Осыған орай облыстық Достық үйінде оның әріптестері, «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы жиналып, туған күнімен құттықтады.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Алин Алмас Аянұлы мемлекеттік тілді дамытуға, аударма ісіне, қоғамдық келісімді нығайтуға зор үлес қосқан белсенді қоғам қайраткері, талантты аудармашы, кәсіби журналист ретінде атап өтіп, Ғ.Т.Төлегұлұлының атына көптеген жылы сөздер айтты.
Облыстық ассамблея мүшесі Ғ.Т.Төлеғұлдың Достық үйінің ұжымынан оның басшысы Е. Б. Нұғыманов құттықтады.
Жұртшылықпен кездесу барысында А.А.Алин жалпы ұлттық бірлікті нығайту, ақсақалдардың жастарды патриоттық тәрбиелеуге қатысуы, оларға жалпы қазақстандық құндылықтар қалыптастыру туралы әңгіме болды.