«Елдесу мен татуласу» жобасы

Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың төрағалығымен «Елдесу мен татуласу» жобасы аясындағы Қазақстан халқы ассамблеясы республикалық медиация кеңесінің отырысы өтуде.
Біздің өңірден аталған шараға Ақмола Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Кенжебаев және облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Сабирова қатысуда.
Отырыс барысында облыстар бойынша жаңадан құрылған этномедиаторлар тізілімі талқыланды. Кәсіби этномедиаторларды оқыту бойынша қаржыландыруды ұлғайту және әрбір ауданды этномедиаторлармен қамтамасыз ету мақсатында олардың санын ұлғайту мүмкіндіктері қарастырылды.