Ұлттық киім үлгісінің көрсетілімі
А. ж. 25 наурыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Этноfashion» ұлттық киім үлгілерінің көрсетілімі өтті.
Іс-шараның мақсаты – қазақтардың көпғасырлық тарихы мен өзіндік мәдениетінің бейнесіне айналған және ежелгі халықтың қалыптасуының барлық ерекшеліктерін бойына сіңірген қазақтың ұлттық киімін насихаттау.
Облыстың барлық аудандарының өкілдері қатысатын байқау төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші күні сән сахнасына Ақкөл, Жарқайың, Жақсы және Ерейментау аудандарынан әйелдер мен ерлердің ұлттық киімдерін киген қатысушылар шықты.
Әр аудан ұлттық нақыштағы әшекейлері бар қазақ киімінің үш нұсқасын ұсынды. Даңқты көшпенділердің мақтанышына айналған және қазылар алқасы мен көрермендерді таң қалдырған киімдері арқылы қатысушылар жиналған жұртшылыққа ұлттық киімдерге жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.
Сан алуан түсті, жарқын декорлы және ықшамдалып тігілген киімдерді киген қатысушылар бүгінгі таңда дәстүрлі ұлттық костюм өзінің танымалдылығын жоғалтпағанын көрсетті.
Құзыретті қазылар алқасы әр қатысушының өнерін жіті бақылап, оларға әр образды ерекше ұсына білгендері үшін алғыс білдірді. Барлық қатысушылар «Қоғамдық келісім» КММ атынан дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Этноfashion» көрсетілімінің бірінші кезеңі мерекелік концертпен аяқталды.