«Зорлық зомбылық – қоғам қасіреті»

Бүгін Зеренді ауданында аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Г.А.Ибраеваның және ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «16 күн зорлық зомбылықсыз» акциясы аясында «Зорлық зомбылық – қоғам қасіреті» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ҚХАА Аналар кеңесінің төрайымы А.Қ. Жахина және Аналар кеңесінің мүшелері, «Ана үйі» ҚҚ үйлестірушісі Қ. Жұмабекова, «Сенімен болашақ» РҚБ Ақмола филиалының жетекшісі А. Нұрмағанбетова және аудандық Полиция, «Отбасын қолдау орталығының» қызметкерлері, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен тұлғалар қатысты.
Іс-шарада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін шешуде қоғамның бірлескен күш-жігерінің маңыздылығы атап өтілді және ортаға салған талқылаулар мен ұсыныстар зорлық-зомбылықтың алдын алу және тоқтату бойынша нақты қадамдарды әзірлеуге негіз болды.

Қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу бойынша шеберлік сағаты

«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Ақмола облыстық филиалы Көкшетау қаласының №1 Құрылыс-технологиялық Колледжі студентерінің арасында қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу бойынша шеберлік сағатын өткізді.
Аталған іс-шара Ақмола облысының этномәдени бірлестіктері арасында «Ел бірлігі» этносаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған «Қазақтану» ғылыми-ағарту жобасы шеңберінде гранттар конкурсының қорытындысы бойынша өткізілді.

«Елдің күші-біздің бірлігімізде» атты іс-шара ұйымдастырылды

Бүгін 19 желтоқсан күні Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де «Ассамблея жастары» мен еріктілер арасында «Елдің күші-біздің бірлігімізде» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында аудандар мен «Ассамблея жастары» РҚБ еріктілері диплом және ақшалай сертификатпен марапатталды.

Қазақстан халқы студенттер Ассамблеясының бірінші отырысы

Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан халқы студенттер Ассамблеясының бірінші отырысы өтті. Оған Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, «Ассамблеясы жастары» РҚБ Ақмола өкілдері, БАҚ өкілдері, студенттік Парламент мүшелері, оқытушылары мен ЖОО қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А.К. Раев студенттерге ҚХАА қоғамдық құрылымдарының қызметі туралы айтып берді. Этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың туындауының алдын алу мақсатында қатысушыларға этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жеткізілді. ҚР ҚК 174 және 180-баптары бойынша жауапкершілік, этномедиацияның этносаралық жанжалдарды шешудегі рөлі, сондай-ақ қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайту жөніндегі тиісті ақпарат түсіндірілді.
Осыған орай, «Ассамблея жастары» РҚБ Ақмола өкілдігінің төрағасы М.И. Давранов және оның орынбасары Я.А. Крючек сөз сөйлеп, «Ассамблея жастары» РҚБ қызметі туралы айтты.
Қортынды бойынша, Студенттер ассамблеясының құрамы бекітілді. Студенттер ассамблеясының мүшелері балама негізде бірнеше кандидаттардың ішінен студенттер Парламентінің құрамына кіретін Төраға, сондай-ақ оның орынбасары сайланды.
Жаңа студенттік ұйыммен алғашқы кездесуде ҚХАА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, Көкшетау Ш. Уәлиханов атындағы университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Капышев А. К. модератор болды.

«Тұсау кесу» рәсімі

«Қоғамдық келісім» КММ-де «Ақмола облысының өзбек этномәдени орталығы» ҚБ төрайымы Медетова Т.У. өзбек ұлтының нұсқасындағы тұсау кесу рәсімін көрсетті.
Аталған іс-шара Ақмола облысының этномәдени бірлестіктері арасында «Ел бірлігі» этносаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған «Қазақтану» ғылыми-ағарту конкурсы шеңберінде гранттар конкурсының қорытындысы бойынша өткізілді.
Ерте кезден бастап және бүгінгі күнге дейін қазақ халқы бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Баланың дүниеге келуі үлкен қуаныш болып саналады және оның барысында әр түрлі салт-дәстүр қатар жүреді.
Тұсау кесер –қазақтың көне дәстүрлерінің бірі, ол бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Бұл рәсім кішкентай балаға арналған және оны бала тез аяққа тұруы үшін жасайды. Тұсаукесер сәби қаз тқұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Көбінсе ол сәби жасқа толғанда жасалады.
Тұсау кесерге арнайы ала жібі дайындалып, баланың қолынан ұстап жүгіртіп, шашу шашылды. Тойға кыз-келіншектер, әжелер шақырылды. Оларға орамал жауып, сыйлық таратылды. Бұдан соң «Шауып кет!», «Жүйрік бол!» деген тілектер айтылды.
Top