«Бірлігіміз әр алуандықта»
Достық үйіне саяхат.
25 шілдеде ҚХА «Бірлігіміз әр алуандықта» жобасы аясында Көкшетау қаласының №9 мектеп оқушылары үшін Достық үйінде экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ маманы Слұхан Юмашева оқушыларды Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметімен таныстырып, ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының кабинеттеріне экскурсия өткізді. Экскурсия соңында балалар үлкен экранда мультфильм тамашалады.